Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Президент партия мүшесі болмайды": Тоқаев AMANAT партиясының төрағасы лауазымын босатпақ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа жолдауында президенттің партия мүшесі болуын заңды тұрғыдан тоқтатуды ұсынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Мен президенттің өкілеттік кезеңінде партияға мүшелігін тоқтату міндетін заңнамалық түрде ресімдеуді ұсынамын. Бұл норма саяси бәсекелестікті арттырады, барлық партиялардың дамуы үшін тең жағдайды қамтамасыз етеді", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Осы тұста Қасым-Жомарт Тоқаев AMANAT партиясының төрағасы қызметінен кететінін, сонымен қатар оның қатарынан шығатынын мәлімдеді.

Мемлекет басшысының айтуынша, партиялық құрылымдардың мемлекеттік аппаратпен араласып кетуі дұрыс емес. Себебі саясаттағы монополия әлеуметтік наразылықтарға себеп болады. Сондықтан саяси үстемдікке тосқауыл қою қажет.

Бұдан бөлек, президент бірқатар мемлекеттік орган қызметкерлері партия қатарынан шығуға тиіс деді.

Олар: Есеп комитеті, Конституциялық кеңес, Орталық сайлау комиссиясы.

Сондай-ақ, мемлекет басшысы әкімдердің партия филиалдарын басқаруды тоқтату керектігін айтты.

"Әкімдер мен олардың орынбасарларына партия филиалдарында қызмет атқаруға заң жүзінде тыйым салу керек. Мұндай шешімдер көпполярлы партиялық жүйені қалыптастыруға мүмкіндік береді", -дейді ол.

"Қасіретті қаңтардың" маңызды сабағы-мемлекеттегі ең жоғары лауазымды тұлғаның қолындағы өкілеттіктердің шоғырлануы оған жақын адамдар мен қаржы-олигархиялық топтардың әсерін негізсіз күшейтеді. Олар мемлекетті жеке меншік ретінде қабылдайды", - деді президент.

Талқылау