AAPL
148.56 $
1.2 %
TSLA
643.38 $
-0.91 %
NDAQ
187.76 $
1.31 %
GOOGL
2660.3 $
3.58 %
FB
369.79 $
5.3 %
FRHC
65.1 $
0.73 %
AAPL
148.56 $
1.2 %
TSLA
643.38 $
-0.91 %
NDAQ
187.76 $
1.31 %
GOOGL
2660.3 $
3.58 %
FB
369.79 $
5.3 %
FRHC
65.1 $
0.73 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев мәжбүрлі вакцинация туралы: Біз мұндай қадамға бармаймыз

Вакцина алғысы келмейтін адамдар бірдей емес және олармен жұмыс істеуде әртүрлі тәсілді қолдану қажет. Бұл туралы мемлекет басшысы еліміздегі коронавирус індетіне байланысты эпидемиологиялық ахуал жөнінде кеңесте айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Вакцина алғысы келмейтін адамдармен жұмыс істеуде әртүрлі тәсілді қолдану қажет. Бұл топ біркелкі емес. Вакцинадан бас тартудың себептері де әртүрлі. Мұндай адамдар арасында шешім қабылдай алмай жүргендер көп", – деп атап өтті президент.

Мемлекет басшысы барлық құралдармен, оның ішінде әлеуметтік желілер арқылы оларды сендіруді, көзін жеткізуді тапсырды.



"Батыстың кейбір дамыған елдері сендіру әдістерінен мәжбүрлеу шараларына ауысуда. Ірі еңбек ұжымдарының қызметімен байланысты ерекше жағдайларды қоспағанда, біз мұндай қадамға бармаймыз. Өйткені "қыңыр" антиваксерлердің шағын тобы кесірінен өз еңбегімен отбасыларының әл-ауқатын қамтамасыз етіп жүрген азаматтарымыздың денсаулығына қауіп төндіре алмаймыз", – дейді Тоқаев.

Айта кетейік, президенттің қатысуымен еліміздегі коронавирус індетіне байланысты эпидемиологиялық ахуал жөнінде кеңес өтіп жатыр. 

Еске салсақ, ҚР бас мемлекеттік санитар дәрігерінің жаңа қаулысы бойынша міндетті вакциналау белгіленген ұйымдардың тізімі мен екпе жүргізу мерзімі бекіткен болатын. 

Бас санитардың жаңа қаулысында міндетті вакцинациялаудан өтуі керек мекемелердің тізімі кеңейтілді. Коронавируспен соңғы үш айда ауырғандар мен вакцинаға қарсы көрсетілімі бар адамдар үшін екпе салдырмауға болады. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр