Қазақстанда міндетті вакцинациялаудан өту мерзімі өзгертілді
ҚР бас мемлекеттік санитар дәрігерінің жаңа қаулысы бойынша міндетті вакциналау белгіленген ұйымдардың тізімі мен екпе жүргізу мерзімі бекітілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бас санитардың жаңа қаулысында міндетті вакцинациялаудан өтуі керек мекемелердің тізімі кеңейтілді. Коронавируспен соңғы үш айда ауырғандар мен вакцинаға қарсы көрсетілімі бар адамдар үшін екпе салдырмауға болады.
"Жұмыскерлерге 2021 жылғы 10 тамызға дейінгі мерзімде COVID-19-ға қарсы вакцинаның бірінші компонентімен, ал 2021 жылғы 1 қыркүйекке дейінгі мерзімде вакцинаның екінші компонентімен профилактикалық егулер жүргізуді ұйымдастырсын", делінген бас санитар дәрігердің қаулысында.
Еске салсақ, бұған дейін ҚР премьер-министрі 4 өңірде карантин шараларын күшейтуді тапсырған еді.
"Тамызда қайта өршиді": Цой коронавирустың таралуына болжам жасады
Пәтерақысын төлеуге көмек сұраған ақтаулық қызды ер адам зорлады деген күдікке ілінді
Заңгердің сөзінше, ер адам болған жағдайды видеоға түсірген
Төрт мезгіл тамақ, киім мен жатын орын: Қазақстан баспанасыздарға қандай көмек береді
Шетелде 400 мың теңге жәрдемақы, баспана мен қарызын өтеуге көмек беріледі