Президент Наурыз мейрамын тойлау үшін Алматыға келді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Алматы қаласының “Астана” алаңында өтетін мерекелік іс-шараға қатысып, барша Қазақстан халқын Ұлыстың Ұлы күнімен құттықтайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз қызметшісі Берік Уәли мәлімдеді.
"Наурыз мейрамына арналған іс-шара республикалық телеарналардан сағат 10:45-те тікелей эфирде көрсетіледі. Сонымен қатар президент қаладағы ғылым, білім, спорт және сауда нысандарына барады", – деді Берік Уәли.
Айта кетейік, бұған дейін президент Петропавлдағы апатқа қатысты СҚО әкімінің есебін тыңдап, шұғыл тапсырма берген еді.
Алматыда бір айлық сәбидің басына төбеден біреу қаламсап лақтырған: Полиция тексеру бастады
Нұрахмет заттың нақты қай пәтерден лақтырылғанын анықтауды сұрап отыр
Қазақстан оқушылары басқа елдермен салыстырғанда қаншалықты жақсы оқиды?
PISA-2025 зерттеуіне “Цифрлық әлемде оқу” атты жаңа бағыт енгізілген