Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ел аймақтарындағы су тасқынына байланысты жиналыс өткізеді
Ақорда президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдан келгеннен кейін су тасқынына қатысты жиналыс өткізетінін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото Ақордадан
Аймақтардағы апат мемлекет басшысының назарында екені айтылды.
“Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің бірқатар аймағында болған су тасқынының салдарын жою үшін үкімет пен жергілікті атқарушы органдардың атқарып жатқан жұмысын бақылауында ұстап отыр. Бүгін мемлекет басшысы Қытайдан келгеннен кейін премьер-министр Олжас Бектеновтің және басқа да лауазымды тұлғалардың қатысуымен жиналыс өткізеді. Қабылданған шешімдер туралы жұртшылыққа тез арада хабарланады”, – деді Ақорда.
Еске салсақ, бұған дейін Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов елдегі су тасқынына байланысты Қазақстан халқына үндеу жасаған еді.
Баланы ерте жастан мектепке беру оның болашағына инвестиция ма, әлде балалықты ұрлау ма?
Психолог ең алдымен баланың физикалық дайындығын ескеру қажет екенін жеткізді
Қазақстандық компания қазақ тілінде баяндама жасаған қызметкерді жұмыстан қуды деп айыпталды
Қызметкердің жұбайы жұмыс берушіден түсініктеме талап етті