Президент Головкинге қоңырау шалып, қолдау көрсетті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Геннадий Головкин мен Сауль Канело Альварес арасындағы жекпе-жектен кейін қазақстандық боксшыға қоңырау шалып, оған қолдау көрсетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысы Геннадий Қазақстанды әлемдік аренада танымал ету үшін зор үлес қосқанын атап өтті.
"Сен жанкүйерлер үшін әлемдегі және еліміздегі ең үздік ұлттық чемпион болдың және чемпион болып қала бересің. Біз сені мақтан тұтамыз!" – деді Президент.
Еске салайық, Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында өткен Геннадий Головкин мен Сауль Канело Альварес арасындағы трилогия мексикалықтың жеңісімен аяқталды.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Шетелдіктерге қазақ тілі тесті қаншалықты қиын: ВНЖ-ны кімдер ала алады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі

