Головкин Канелоға тағы да есе жіберді
Отандасымыз Геннадий Головкин мен Сауль "Канело" Альварес арасындағы жекпе-жек жеңімпазы анықталды. 12 раундқа созылған бәсекеде Канело тағы да үстем болып, Геннадийді екінші рет жеңді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында өткен бокс кешінің басты шоуы осы екі боксшы арасындағы жұдырықтасу болып еді.
Бұл жекпе-жекте Альварестің IBF, WBC, WBA Super және WBO супер орта салмақтағы белбеулері бәске қойылды.
12 раундқа созылған жекпе-жек төрешілердің шешімімен "Канело" Альварестің пайдасына аяқталды. Осылайша, GGG спорттық мансабында екінші рет жеңілді.
Бірінші және екінші жекпе-жектерден айырмашылығы – бұл жолы боксшылар 76,2 келі салмақ дәрежесінде кездесті. Бұл Головкиннің осы салмақтағы дебюттік жекпе-жегі болды. Шамасы, ең соңғысы да осы болар.
Айта кетейік, бұған дейін өткен екі кездесудің бірінде боксшылар тең түссе, екіншісінде "Канело" жеңіске жетті. Бүгінгі трилогияның да нүктесін Сауль Альварес қойды.
Қазақстанда ипотека не себепті қымбат: Нарықтағы әділ баға қандай болуы керек
Экономист мамандар тұрғын үйдің қымбатшылығына не әсер етіп жатқанын айтты
Неге Қазақстан қалаларында аялдама бағасы пәтер құнымен тең: Әкімдіктер қанша қаржы жұмсайды?
Бір аялдаманың орташа құны шамамен 10,3 миллион теңге

