Головкин Канеломен жекпе-жектен кейінгі ойын айтты
Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мексикалық Сауль Канело Альвареспен үшінші жекпе-жегіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Канелоның қолын алып, оның командасын құттықтауды қалаймын. Ол нағыз жауынгер. Мұны түсінбеген адам, боксты да түсінбейді", - деді Головкин рингте.
Қос боксшы арасындағы трилогия 18 қыркүйекте Лас-Вегаста (АҚШ) өтіп, 12 раундқа созылды, төрешілер шешімімен Канело жеңіске жетті.
Еске сала кетейік, боксшылар Лас-Вегаста 2017 және 2018 жылдары кездескен болатын. Бірінші жекпе-жек тең нәтижемен аяқталса, ал екіншісі мексикалықтың пайдасына шешілді.
"Тұмау деп жаппақ болды": Алматы тұрғыны әкесінің дәрігерлердің салғырттығынан өлім аузынан қалғанын айтты
Жанна: "Науқастың дене қызуы көтеріліп, ауырсынуы күшейсе, дәрігер мұның бәрін тұмауға қалай жаба салады?"
"Терапевтке жазыла алмаймыз, УДЗ-ға үш ай кезек күтеміз": Қазақстандықтар МӘМС жүйесіндегі мәселелерді көтерді
Сания: "Ал ақылы түрде десең шұғыл-ақ қабылдайды"

