Президент Елена Рыбакинаны жеңіске жетуімен құттықтады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Аустралиядағы Брисбенде жеңіске жеткен теннисші Елена Рыбакинаны құттықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәлидің желідегі жазбасына сілтеме жасап хабарлайды.
"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев даңқты теннисші, Уимблдон турнирінің чемпионы Елена Рыбакинаны Австралияда өткен беделді жарыстағы сенімді жеңісімен құттықтап, жаңа белестерді бағындыра беруіне тілектестік білдірді", – деп жазды Берік Уәли.
Айта кетейік, Қазақстанның бірінші, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина Брисбендегі (Аустралия) WTA 500 турнирінің чемпионы атанды.
Қазақстанның үздік теннисшісі Елена Рыбакина (WTA рейтингінде 4-ші орын) және беларусьтік Арина Соболенко (2-ші орын) бүгін бас жүлде үшін сынға түсті.
Бірінші партияда-ақ Елена Рыбакина қарсыласын шаң қаптырып кетті - 6:0. Екінші сетте де 2:0 есебімен алға шықты. Соңғы матчты жеңіспен түйіндеді – 6:3.
Бір сағат 10 минутқа созылған матчта Елена Рыбакина 7 эйс жасап, 7 брейк-пойнттың бесеуін пайдалана білді. Арина Соболенко 3 эйс, 1 брейкпен шектелді.
Осылайша, Елена Рыбакина өзінің негізгі қарсыласын жеңіп, 2024 жылдың алғашқы кубогын жеңді.