Елімізде ЛБГТ-ны насихаттайтын бірқатар феминистік бірлестікке қарсы іс-шара жүргізілмек
Премьер-министр Олжас Бектенов ел аумағында ЛБГТ бірлестіктерінің қызметін шектеуге қатысты жолданған депутаттық сауалға жауап берді. Ол "Калейдоскоп", "Feminita" және "KazFem" бірлестіктерін атап, алдағы уақытта олардың ЛБГТ-ны насихаттау жұмыстарына қарсы шара жүргізілетінін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: "Feminita" Іnstagram парақшасынан
Премьер-министрдің айтуынша бұл бірлестіктер биыл жергілікті атқарушы органдармен келіспей, топтық акциялар ұйымдастырған.
"Калейдоскоп", "Feminita" және "KazFem" деген 3 бейресми бірлестік жұмыс істейді. Олардың қызметі дәстүрлі емес жыныстық бағыттағы әйелдердің құқығы мен бостандықтарын қорғау. Оның ішінде қоғамда ЛГБТ қоғамдастығының өкілдеріне деген толерантты көзқарасты ілгерілетумен байланысты. Көрсетілген бірлестіктер биыл жергілікті атқарушы органдармен келіспей, топтық акциялар ұйымдастырған. Ол еліміздің бейбіт жындарды өткізу тәртібін бұзып отыр”, – деді ол.
Олжас Бектенов сонымен қатар бірқатар елдердің заңнамасы ЛГБТ-ны кәмелетке толмағандар арасында "насихаттауды" шектейтінін атап өтті.
“Алайда бұл шаралар тек бұқаралық тұрғыдан қарастырылады және мұндай қозғалыстарды экстремистік деп жіктеуге қатысы жоқ. Сонымен бірге биыл Мәдениет және ақпарат министрлігі ЛГБТ-ны ашық және жасырын насихаттауға қарсы петицияны қарайтын жұмыс тобын құрды. Оның құрамына парламент депутаттары, қоғамдық бірлестіктердің, мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері кірді. Нәтижесінде "жасөспірімдер мен балаларды сексуалдық қатынастарды насихаттаудан қорғау, сақтау туралы" талап бөлігінде петицияны ішінара қанағаттандыру туралы шешім қабылданды. Осыған байланысты қазіргі уақытта мүдделі мемлекеттік органдар ЛГБТ қозғалысының кәмелетке толмағандарға әлеуметтік, психологиялық, медициналық және басқа ықпал ету факторларын зерттеп жатыр”, – деп қосты ол.
Премьер-министр 2025 жылы осы мәселе бойынша ғылыми-зерттеу жұмысы жүргізілетінін жеткізді. Барлық қажет зерттеулер аяқталғаннан кейін осы саланы реттеу бойынша қоғамдық талқылау ұйымдастырылады.
Еске салсақ, бұған дейін Ринат Зайытов елде ЛГБТ насихатына тыйым салып, лесбиандар жиынын өткізген "Феминита" қауымдастығына шектеу қоюды талап еткен еді.