Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Украинаның бұрынғы президенті Порошенко америкалық арнаның эфиріне автоматпен шықты

Украинаның бұрынғы президенті Петр Порошенко Калашников автоматын ұстап, америкалық CNN телеарнасының эфиріне шықты.

Порошенко Киевте орналасқан аумақтық қорғаныс батальоны туралы айтты. Айтуынша, оған жазылу үшін кезек бар, бірақ қару-жарақ барлығына бірдей жетпейді. Экс-президент эфирге Калашников автоматымен шықты.

"Менің көмегім осыда ғана. Бұл – Калашников атоматы. Бізде артиллерия да, танктер де, бронетранспортерлер де жоқ, бұл процесті бір-екі күн бұрын ғана іске қостық, екі күнде орындадық", – деді Порошенко.

Бұған дейін Украинаның бұрынғы президенті Петр Порошенко Ресейдің Донецк және Луганск халық республикаларының (ДНР және ЛНР) тәуелсіздігін мойындауына қатысты пікір білдірді. Оның ойынша, Кремль бұндай шешіммен "әлемді жаңа дүниежүзілік соғыстың шегіне итермелеп отыр". Порошенко Ресейдің бұл шешіміне қарсы екенін баса айтты.

Бұған дейін Ресей президенті Владимир Путин Донецк және Луганск халық республикаларын мойындау туралы жарлыққа қол қойған болатын. Сондай-ақ ол Донбассты қорғау үшін арнайы әскери операция басталғанын хабарлады.


Қазақстанның Украинаға әскер жіберуден бас тартқаны рас па?

Талқылау