Польша Беларусьпен шекарада бес метрлік қабырға тұрғызды
Польша билігі Беларусь шекарасына бес метрлік қоршау салып бітті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “РИА Новости” басылымына сілтеме жасап.
Бұл туралы Польша премьер-министрі Матеуш Моравецкий мәлімдеді. Жаңа қоршау видеоға түсіп қалған.
Жазбада қабырға бойымен жол төселгені көрсетілген. Қоршауға тікенді сым орнатылған.
“Польша шекара қызметінің басшысы қабырғаны тұрғызуға 49 мың тонна болат жұмсалғанын айтты. Қазіргі уақытта қоршауды электронды қауіпсіздік жүйесімен жабдықтау жалғасуда, оның ішінде 2,5 мың бақылау камерасы орнатылуда”, – делінген хабарламада.
Қаңтар айында елдің Шекара қызметінің баспасөз хатшысы Анна Михальская Польша билігі 25 қаңтардан бастап Польша-Беларусь шекарасында қабырға тұрғыза бастайтынын айтқан. Қоршауды тұрғызуға келісім-шарт 644 миллион злотых (шамамен 160 миллион доллар) сомасында жасалған, ақша Польша бюджетінен бөлінген.
Талқылау

"Декретке миллионмен" дауы: Курстың негізін қалаған депутат Дәулет Мұқаевқа тексеріс жүргізіле ме?
Депутат Дәулет Мұқаев курстағы негізгі ойды түсіндіре келе, әйелдерді заңды жолды ұстануға шақырды

Енді "Отбасы Банк" монополиясы болмайды: Ипотекалық несиелендіру реформасынан қандай жақсы өзгерістер күтеміз
Сарапшы: "Бұл ұзақ мерзімді перспективада банктік жүйеге де оң әсер етеді. Уақыт өте келе қаржыландыру арзандайды, яғни ставкалар төмендеп, неғұрлым қолайлы деңгейге жетеді”