Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Польша азаматшасы Қазақстан президенттігіне үміткер болғысы келеді

Польша азаматшасы Қазақстан президенттігіне үміткер ретінде қатысуға ниет білдірді, бірақ оған Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы бас тартып жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Балли Мажец

"Польша азаматшасы Балли Мажец Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына Қазақстан Республикасы президенттігіне үміткер ретінде қатысу ниеті туралы өтінішпен бірнеше рет жүгінген. Польша азаматшасына Конституцияның және "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңның президенттікке үміткерлерге қойылатын талаптарға қатысты қолданыстағы заңнама талаптары түсіндірілді", - делінген хабарламада.

Орталық сайлау комитеті мәліметінше, Республика Конституциясының 41-бабының 2-тармағына сәйкес кем дегенде қырық жастағы, мемлекеттік тілді еркін меңгерген, соңғы он бес жыл Қазақстанда тұратын және жоғары білімі бар азамат қана Қазақстан Республикасының президенті болып сайлана алады. Конституциялық заңда Республика президенттігіне үміткерлерге қосымша талаптар белгіленуі мүмкін.


"Тоқаевқа қарсылас болуға дайынмын": Түрмеде отырған Жанболат Мамайдың әйелі президенттік сайлауға түскісі келетінін мәлімдеді 


Сонымен қатар, Орталық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңның 54-бабының 1-тармағына сәйкес, президент болып сайлану үшін азаматтың мемлекеттік қызметте не сайланбалы мемлекеттік лауазымдарда кемінде бес жыл жұмыс өтілі, сондай-ақ белсенді дауыс беру құқығы бар болуы керек.

Еске сала кетсек, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мерзімінен бұрын өтетін президенттік сайлауды 20 қараша күніне белгілеген болатын. 

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында кезектен тыс президент сайлауын осы күзде өткізуді ұсынған.

17 қыркүйекте Қасым-Жомарт Тоқаев президент мандатын қайта сайлану құқығынсыз бір ғана жеті жылдық мерзіммен шектейтін заңға қол қойды.

Талқылау