Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Полицияның бет-бейнесі өзгереді": Тоқаев ІІМ-ді реформалауға 173 млрд бөлінетінін айтты

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы уақытта Ішкі істер министрлігі реформаға ұшырайтынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі. 

ІІМ

Сурет: inbusiness.kz/ 

«Ең өзекті міндеттердің бірі құқық қорғау жүйесін толық реформалау саналады. Полицияның бет-бейнесі өзгереді. Бірінші кезеңде 2020 жылдың соңына дейін әкімшілік полиция комитетінің жұмысын қайта құру қажет. Мұны сапалы түрде жүзеге асыру қажет. Ішкі істер министрлігін реформалауға алдағы үш жылда 173 миллиард теңге бағытталады. Бұл қаржы жалақыны өсіруге, баспананы жалға алуға, заманауи фронт-кеңселерді құруға жұмсалады», - деді мемлекет басшысы. 

Әрі қарай Қасым-Жомарт Тоқаев еңбек өнімділігінің нақты өсімін кем дегенде 1,7 есеге арттыруымыз керегін айтты. Елімізді өңірдегі көшбасшы ретінде танытып, Орталық Азиядағы беделімізді арттыру – стратегиялық міндет.

«Қазақстан экономикасы жаһандық сипаттағы қиындықтарға қарамастан алға ілгерілеп келеді. Жыл басынан бері оның өсімі орташа әлемдік көрсеткіштен жоғары болды. Егер қажетті құрылымдық өзгерістерді жүзеге асырсақ, 2025 жылға қарай ішкі жалпы өнімнің жыл сайынғы тұрақты өсімін 5 пайызға және одан да жоғары деңгейге жеткізуге болады. Экономиканың дамуына тың серпін беру үшін үкімет пен президент әкімшілігі отандық және шетелдік сарапшылардың барлық жұмыстарын мұқият саралауы қажет. Елбасы ұсынған 2050 жылға дейінгі ұзақ мерзімді даму стратегиясына және ұлт жоспарына сәйкес бірқатар құрылымдық міндеттерді іске асыруымыз керек.

Талқылау