"Полиция тоқтатты": Жұлдыз Әбдікәрімова бетіндегі маскасымен жолға шығып кеткен
Жұлдыз Әбдікәрімова отандық телеарналардың бірінде таңғы хабарды жүргізе бастады. Бірнеше күн бұрын жаңа қызметіне кіріскен ол жолда болған ыңғайсыз жағдай туралы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Тікелей эфирде өтетін таңғы бағдарламаға үлгеру үшін Әбдікәрімова таңғы сағат 4-те жұмысына шығады. Осы себепті де Әбдікәрімова үйде бет күтіміне уақыт бөліп үлгермейтін көрінеді. Ол бетіне әрлендіруші маскасын киіп алып, тікелей жұмысына жол тартады.
"Масканы күтіп отыратын уақыт жоқ. Осылай жұмысқа шығып кеттім", – деді Әбдікәрімова.
Сондай күндердің бірінде актрисаны жол полициясы тоқтатқан.
"Айтпақшы, таңғы 4-те тұрып маскаммен көлік жүргізіп келе жатсам, патрульдік полиция қызметкерлері тоқтатты, өзім эфирге кешігіп бара жатқам", – деп бөлісті Жұлдыз.
Балалар құсып, іші өтіп жатыр: Қазақстанда инфекция таралып жатыр ма?
Мамандар әзірге ауру жаппай өршіді деуге негіз жоқ екенін айтады
"Шай құймаймын, бір рет те тамақ пісірмедім": Түрікке тұрмысқа шыққан қазақ қызы енесімен қарым-қатынасы туралы айтты
Дина: “Күйеуім Алматыдан үй алуыма көмектесіп, ауырғанда жанымнан табылды”