Қайрат Нұртас пен Жұлдыз вайн түсіріп, елді күлдірді (видео)
Елімізде отбасылық вайн түсіретін жұптар қатары толықты. Қайрат Нұртас пен жұбайы Жұлдыз жаңа видео түсіріп, желіде қызу талқыға түсті, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.
Жұлдызды жұп бір жылға жуық уақыт желіде бірге көрінбеді. Тіпті, фолловерлер Қайрат пен Жұлдыздың бір-бірін оқымайтынын байқаған. Ал жуырда татуласқан атышулы отбасы Instagram парақшаларына бірге түскен фото-видеоларын жүктей бастады. Бұл жолы Қайрат Нұртас жұбайымен бірге вайн түсірді. Онда Қайрат су жаңа көлігінің әдемілігін сөз етсе, Жұлдыз оны өз атына қабылдаған.
Желі қолданушылары әншінің жаңа "өнерін" жоғары бағалап, көтеріңкі көңіл-күй сыйлағаны үшін алғыс білдірді.
Қазақстандық ер адам желідегі пікірі үшін қамауға алынды: Ол аккаунт жалған екенін айтып отыр
Полиция Дмитрий Бородаевтың ісіне қатысты тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр
Павлодар облысында екі әйелдің босанған соң жатыры алынып, бірі сәбиінен айырылған
Сарапшылардың қорытындысына сәйкес, кесарь тілігінен кейін әйелдің жағдайына тиісті медициналық бақылау жүргізілмеген