Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Блогер Ырысбала өзін жезөкшеге теңеген әйелді тауып алып, кешірім сұратқызды

Танымал блогер Ырысбала Икрамбай өзін жезөкшеге теңеп, намысына тиген әйелді тауып алып, елдің алдында кешірім сұратқызды. Ыңғайсыз жағдай Instagram-да тікелей эфир кезінде болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Ауылда мұғалім болып жұмыс істейтін әйел блогердің тікелей эфиріне кіріп, оның намысына тиетін сөз жазған. Ал эфирді 2 мыңнан аса адам тамашалап отырған. Бұған намыстанған Ырысбала Икрамбай намысына тиген әйелдің телефон нөмірі мен мекенжайын тауып алды. Әйел Түркістан облысы Сұлтанбек Қожанов ауылының тұрғыны болып шықты.

Шамамен 260 шақырым жер жүріп, өзін ренжіткен әйелдің үйіне жеткен Икрамбай туыстарының алдында оны ұятқа қалдырды. Әйел өз кезегінде Instagram-ға жақында тіркелгенін, Ырысбаланың атынан ашылған фейк-парақшалардың біріне ақша салып, алданып қалғанын айтты. Соған ызаланып, ауыр сөз жазғанын мойындады. Көпшіліктің алдында кешірім сұрады. 



Желі қолданушылары блогерді қолдады. Бұл әрекетінің өзгелерге сабақ болатынын атап өтті.    

Талқылау