Полиция бөлімшесін жаруға тырысқан: Түркияда теракт болып, бір полицей көз жұмды (видео)
Түркияның Мерсин қаласындағы полиция бөлімшесінде теракт болып, бір адам көз жұмды. Тағы бір полицей ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Mash Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Үш белгісіз адам полиция ғимаратына кірмек болған. Алайда құқық қорғаушылар оларды ұстамақ болған кезде ғимаратта атыс басталды.
Шабуылдағандардың бірі әйел. Ол қолдан жасалған жарылғыш зат залынған көлікпен бөлімшенің аумағына қарай бет алған. Полицейлер оқ атқанда бомба жарылып кеткен. Салдарынан бір полицей көз жұмып, екіншсі ауруханаға жеткізілді.
Жергілікті полиция екі сыбайластары туралы мәлімдеді. Ал көлікте болған жарылғыш затты қашықтан жарып жіберген.
Шабуыл жасағандардың бірі бірден қолға түскен, тағы бір адам іздестіріліп жатыр.
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"
"Туған күнімді үкімет жасап береді": Наурызды ерекше атап өтетін қазақстандықтар қызық оқиғаларын бөлісті
Наурыз: “Есімім Наурыз, 22 наурыз туған күнім”