Полиция әнші Жанар Хамитованың өліміне қатысты тергеу жұмыстарын аяқтады
Қарқаралыдағы ата-анасының үйінде көз жұмған әнші Жанар Хамитоваға қатысты "Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу" бойынша қылмыстық іс жабылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі қылмыстық істің жабылғанын мәлімдеді. ҚР ҚК 35 бабына сәйкес қылмыстық құқық бұзушылық құрам болмағанына байланысты іс тоқтатылды.
Жанар Хамитова Қарқаралыдағы ата-анасының үйінде өлі денесі табылған еді. Артында екі ұлы қалды.
Полиция ҚР ҚК "Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу" ісі бойынша қылмыстық іс қозғаған болатын. Ал әншінің отбасы ешқандай суицид болмағанын, үй жинап жүріп Жанардың жүрегі нашарлағанын жеткізген.
Осы жылдың сәуір айында ажырасудан көрген қиындықтарынан кейін бірнеше рет өзіне-өзі қол жұмсамақ болғанын айтқан еді.
Тағы оқыңыз
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар