Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Көз жасымды тоқтата алмадым": Жанар Хамитованың өлімінен кейін есеңгіреп қалған ақын қыз арнауын жазды

Жанар Хамитованың өлімі көпшіліктің қабырғасын қайыстырып, есеңгіретіп кеткені анық. Оның шығармашылығын ерекше сүйген тыңдармандары да оның өлімін қабылдай алмайды. Шоңжыда тұратын ақын қыз Жанарға арнау арнаған болатын. Stan.kz тілшісі ақын қызбен байланысып, Жанарға деген ыстық ықыласы қалай пайда болғанын сұрап білді. 

жанар

Жанар Хамитованың барлық әндерін жатқа білетін Ұйғыр ауданының тұрғыны, 10 сынып оқушысы Берлібаева Азиза сүйікті әншісінің өлімін естігенде сенбегенін айтады. 

"Өмірден өтті деген хабарды инстаграм желісінен көрдім. Бірақ мен мүлде сенген жоқпын! Сенгім келмеді. Хайп деп ойладым. Солай ойласам да ішімнен "Құдай-ау, біреу келіп ойын десінші" деп айтса екен деп тіледім. Дереу инстаграмнан шығып, көңілімді басқа жұмысқа аудардым. Бірақ қолым ешқандай жұмысқа жүрмей, арадан 1 сағат өткеннен кейін Youtube - қа кіріп қарадым. Барлық жер шулап кетіпті. Көз жасымды ұстай алмадым. Сол сәтте сенуге тура келді. Үлгі тұтар адамым өмірден озғаннан кейін құдды бір бауырымнан айырылғандай сезімде болдым. Содан бері әлі де менің көңіл-күйім бір қалыпты емес. Қазірдің өзінде "біреу келіп түсімнен оятып жіберсе екен" деп қоямын. Сенуге тұрарлық жағдай болса да сенгім келмейді..." - дейді ақын қыз. 

Ал Жанардың өнеріне деген сүйіспеншілік қай уақыттан басталды деп сұрағанымызда: 

"Жанарды ең алғаш "Қалаулым" бағдарламасына келген кезде "мен олардан ерекшемін жәй ғана" деп ән шырқап жатқан кезінде байқап қалдым. Содан кейін әндерін іздеп тыңдай бастадым. Сол кезден бастап Жанар әпкемді танып, әндерін тыңдап, өмірі жайлы ақпарат іздей бастадым", - деген ол Жанар ерекше қылығымен, күлкісімен баурап алғанын айтады. 

"Жанардың жүзінде әрдайым күлкі кетпейтін. Қиындығын айтып жатса да күліп отырды. Анасына ешқандай сөз келтірмеді. Жанар әпке мені әдемі дауысымен, сыйластығымен, ерке қылықтарымен, баурап алды.

Әндері маған қатты ұнады. Мен де сол кісіден қайталап "өнермен гүлденемін" деп жанкүйер болып, сол кісіге ұқсауға барынша тырыстым", - дейді болашақта актриса болғысы келетін Азиза. 

Жанарға деген арнауын инстаграм желісіне жүктеген бойда "Жанардың шын жанкүйері болса, неге көзі тірі кезінде айтпадың", "Хайп үшін жасап отырсың" деген сыни пікірлер де жазыла бастаған. Расында солай ма дегенімізде: 

"Қолда бар алтынның қадірі жоқ. Көзі тірісінде жазу шынында ойымда болмапты. Мен ғана емес барлық халықтың арасында жақсылығы өмірден озған соң айтыла бастады. Мен хайп үшін шығармадым.Тіпті, өлеңім бұлай таралап кетеді деп ойламаған едім. Бұрыннан видео жасайтынмын. Сол секілді  видео жасап өлең шығарып қана қойғанмын. Хайп деген нәрсе, көп халық тыңдайды-ау деген ой үш ұйықтасам да түсіме кірмепті. Көзі тірісінде өлең арнамағыныма қатты өкінемін. Тірі кезінде өлең арнасам бәлкі оқитын ба еді...", - деп өкінішін де айтып қалды. 

Көзі тірісінде өмірі талқыға көп түскен Жанардың өлімі де беті ашылмаған көп сырға толы. Бірақ оның артында әндері мен ұмытылмас естеліктері қалды. 

Еске салсақ, 16 қыркүйекте «Арнау» тобының экс-солисінің қайтыс болғаны туралы белгілі болды. Бұл туралы әнші досы Әбу Кай өзінің Инстаграмдағы парақшасында мәлімдеді.

Артынша полиция әншінің өлімін растап, ҚР ҚК 105-бабы 1-тармағына (Өз-өзіне қол жұмсауға жеткізу) сәйкес қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. 

Бүгін, 18 қыркүйекте, Жанар Хамитованың денесі жер қойнына тапсырылды. Әншімен қоштасуға келгендердің арасында өнердегі әріптестері Ринат Малсақов, Меруерт Түсіпбаева, Сиви Махмуди, Абу Кай және т.б. әріптестері болды. 

Алайда әншінің бұрынғы күйеуі оны соңғы сапарға шығарып салуға келмеді

Талқылау