Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Полицейлердің сұрақтарына дайын болыңыз: Нұр-Сұлтан мен Алматы тұрғындары жаңа ережелерді бұзғаны үшін 26000 теңгелік айыппұл төлейді

28 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қаласының тұрғындары үшін қатаң талаптар енгізілмек. Осы тұрғыда ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев жаңа заңды қала тұрғындары үшін түсіндірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

санитарыМинистр далада жүрген қала тұрғындарына полицейлер тиісті құжаттарды талап етіп, олардың сыртта жүрулерін себебін сұрайтынын айтып кетті. Бұл жағдайда Абаев жұртты сабырлық пен ережелерді сақтауға шақырды.

"Барлық БАҚ өкілдеріне қызметкерлерін қашықтықтан жұмыс істеуге жіберуді сұраймыз. Шұғыл жағдайларда оқиға орнында жүрген журналисттерден олардың басшылық тарапынан берілген тапсырма мен олардың жеке құжаттары талап етіледі. Сондай-ақ науқастардың аурухана мен емхана баруларына шектеу қойылмайды", - деді Абаев.

Сондай-ақ шенеуні басқа қандай жағдайда далаға шығуға болатынын айтты. 

"Үйден үй жануарларымен далаға шығуға рұқсат етіледі. Сонымен бірге тұрғындар тек азық-түлік немес дәрі сатып алуға сыртқа шыға алады ", -деді министр.  

Министр ережелерді сақтамаған адамдарға 26000 теңге көлемінде айыппұл салынып немесе он бес күнге изоляторға жабылуы мүмкін екендігін айтып кетті. 

Еске салайық, бұған дейін 28 наурыздан бастап Алматы, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалалары үшін қатаң ережелер орнатылатыны жайлы айтылған еді. 

Талқылау