Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Полицейлердің 93 жастағы мүгедек әжейді қатыгездікпен тұтқындаған сәті видеоға түсіп қалды (видео)

Әжейді туған күніне бірнеше күн қалғанда жатақханадан қуып шыққан, деп хабарлайды liveleak басылымына сілтеп Stan.kz.

12 желтоқсан күні АҚШ-тың Флорида штаты Юстис қаласының тұрғыны Хуанита Фитцджеральд жатақханадан қуылыпты. Бұл кезде 93 жастағы әжейдің туған күніне бірнеше күн қалған екен. Әжей жатақханадағы үйінің ай сайынғы төлем ақысын төлей алмай, қарызданған екен. Егде жастағы әйел 8 жыл көлемінде тұрған үйін тастап кетуден бас тартыпты. Мұнан кейін оқиға орнына полиция шақырылды.

«Мені бұл жерден күштеп қана алып шыға аласыздар. Өз еркіммен ешқайда кетпеймін», – деді әжей полицейлерге.

Полиция қызметкерлері әжейді тұтқындағысы келмеген. Оның орнына бірнеше агенттіктің көмегін ұсынған екен. Алайда әжей ұсыныстан мүлдем бас тартыпты. Мұнан кейін полиция қызметкерлері Хуанита Фитцджеральдті тұтқындап, артынан тәрбиешіге тапсырған.

Оқи отырыңыз:

Ирактағы ең сұлу қыз фотосурет үшін елден қашуға мәжбүр болды

Белгілі актер Джордж Клуни өзімен достасқаны үшін достарына миллиондап ақша берген

NASA: Жерге үлкен астероид жақындап келеді

Түркіменстанда азық-түлік тапшылығы тағы қайталанып, ұн бағасының өзі екі есе өскен

Талқылау