AAPL
140.52 $
0.11 %
TSLA
658.8 $
4.88 %
NDAQ
147.5 $
0.59 %
GOOGL
2116.1 $
-0.16 %
FRHC
40.13 $
0.96 %
AAPL
140.52 $
0.11 %
TSLA
658.8 $
4.88 %
NDAQ
147.5 $
0.59 %
GOOGL
2116.1 $
-0.16 %
FRHC
40.13 $
0.96 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Полицейлер қызметтік құжаттарды дәретханада қолданған": Павлодар полицейлері ерекше тексеріс бастады

Адвокат Назерке Ризабекова Facebook парақшасында жазба жариялап, Павлодар қаласы полиция басқармасының дәретханасындағы қоқыс жәшігінде қызметтік құжаттардың жатқанын мәлімдеді. Бұл жағдайдан кейін қорғаушы қызметтік тексеріс жүргізуді талап етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

құжаттар

Алматылық заң саласының маманы Павлодардың полиция басқармасының дәретхана жәшігінен іс жүргізу құжаттарын тапқанын айтады. 

"Бірнеше ай бұрын Павлодардағы полиция басқармасында тергеуде болдым. Дәретханада ведомство қызметкерлері іс жүргізу құжаттарын пайдаланатынын байқадым. Бұл –  жабайылық. Жарайды, мұнда дәретхана қағазына қатысты проблема бар дейік, бірақ соталды тергеу туралы ақпараттың жария болып кеткенін қалай түсінеміз? Дәретхана қоғамдық орын санатына жатады ғой", – дейді адвокат. 

Автор жазбасында А4 форматты мыжылған парақтар салынған дәретхана жәшігінің суретін де жариялаған. Онда азаматтардың тегі, байланыс нөмірлері, жоғалған кәмелетке толмаған баланың ата-анасының деректері айқын көрінеді. Жылу батареясында да құжаттар жатқаны аңғарылады. 

"Павлодар облысының полиция департаменті мен Ішкі істер министрлігінен осы полиция басқармасын дәретхана қағазымен қамтамасыз етуді, осы құжаттардың авторларына қатысты қызметтік тергеу жүргізуді, соталды тергеу деректерін жария еткені үшін тәртіптік жауапкершілікке тартуды сұраймын", –  деп талап қойды Назерке Ризабекова. 

Жазбаға қатысты Павлодар облысының полиция департаменті өкілі жазбаға жауап беріп, оқиға бойынша тергеу жүріп жатқанын жеткізсе, департамент басшысы Василий Скляр осы дерек негізінде жүргізілген қызметтік тергеудің нәтижелерін қосымша хабарлауға уәде береді. 

Ведомство фотода құпия құжаттар емес, қарапайым анықтамалар бар екенін де атап өтті. Бірақ бұл жарамсыз қызметтік қағаздарды дәретханаға тастауға немесе оларды дәретхана қағазының орнына пайдалануға шешім қабылдағандарды ақтап ала алмайды. Барлық қажетсіз құжат жойылуы керек.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр