Пневмониямен тағы 307 адам ауырып қалды: Елде бір тәулікте 7 адам көз жұмды
Өткен тәулікте коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияның 307 жағдайы және 2 өлім тіркелді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл ретте аурудан 145 адам емделіп шықты.
1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 29 235, 320 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 6 787 жетті.
Жалпы Қазақстанда бір күнде COVID-19 және коронавирус пневмониясынан жеті адам көз жұмды.
Оның ішінде коронавирус инфекциясынан бес адам және коронавирус пневмониясынан екі адам.
Денсаулық сақтау министрлігі қазіргі уақытта коронавирус инфекциясынан 4 550 адам, оның ішінде 32 бала емделуді жалғастырып жатқанын хабарлады. Стационарларда - 2 431 пациент, амбулаториялық деңгейде - 2 119.
130 адам ауыр жағдайда, 20 – аса ауыр дәрежеде, 26 – ӨЖЖ аппараттарында.
Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты
Дәуіт Сұраған негізі математика пәнінің мұғалімі
Жаңа вирус па: Қазақстандықтар бұрын-соңды болмаған ауру белгілеріне шағымданды
Маман: "Ауру белгілеріне қарап нақты қандай вирус жұққанын анықтау мүмкін емес"