Пневмониядан ауырғандарды COVID-19 статистикасына енгізе ме: Қазақстан ДДСҰ-ға сұраныс жіберді
Қазақстан дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына пневмония жағдайларын коронавируспен ауыратындардың статистикасына қосуға болатын-болмайтынын нақтылау үшін сұраныс жіберді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифинг барысында айтып берді.
"Біз қазір халықаралық ұйымдармен, дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен келіссөздер жүргізудеміз. Қазіргі уақытта ДДСҰ ұсынымдары бойынша статистикаға тек ПТР оң нәтиже көрсетілген жағдайларды қосу туралы айтылған. Біз мәліметтерді өңдеудеміз. Біз сұрау салдық. Қазір ДДСҰ-дан жауап күіп отырмыз, және келіссөздер нәтижесінде мәліметтерге қол жеткіземіз", - деді Бюрабекова.
Осылайша вице-министр статистиканы басқа мемлекеттердің тәжірибесіне сүйене отырып жүргізіп жатқанын айтты.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін елімізге шетелден 98 ИВЛ аппараты алып келгені белгілі болған.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар