Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанға шетелден 98 ИВЛ аппараты алып келінген

Осы уақытқа дейін елімізге шетелден гуманитарлық көмек ретінде 98 өкпені жасанды желдету аппараты алып келінген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы онлайн брифинг барысында сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Нигматуллаұлы Ашықбаев айтып берді. Оның сөзінше, осы уақытқа дейін елімізге жеткізілген ИВЛ құрылғылардың басым бөлігі ауруханаларға жеткізіліп, қазір қолданысқа берілген. 

"Жасанды таныс алдыру аппараттарының басым бөлігі жақында жеткізілді. Соңғы 2 аптаның ішінде Түркиядан 30 аппарат, Біріккен Араб әмірліктерінен 25 аппарат, грузиялық компаниядан 10 аппарат алдық. Оған дейін Джек Ма қоры да елімізге жасанды тыныс алдыру аппаратын жеткізді. Олардан біз 30 аппарат алдық. Жалпы елімізге 98 жасанды тыныс алдыру аппараты жеткізілді", - деді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында. 

Естеріңізге сала кетейік, осы уақытқа дейін Қазақстанның Тәжікстанға 100 ИВЛ аппараты арқылы гуманитарлық көмек көрсететіні белгілі болған. 

Талқылау