15 миллион теңгеге пластиктен жасалған гүлдер отырғызған Ақтау әкімдігі сынға қалды
Ақтауда газонның орнына пластиктен жасалған инсталяция орнатылған. Бюджет есебінен жасалған газонның бағасы 15 миллион теңгені құраған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Лада басылымына сілтеме беріп.

Шенеуніктер Ынтымақ алаңындағы бұл пластиктен жасалған “туындыны” “Гүлденген дала” декоративті жүйесі деп атаған.
Әкімдікте хабарланғандай, бұл декорациялық инсталяцияны "Clover media group" ЖШС жасаған. Ақтау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі осы жылдың 16 қыркүйегінен бастап олармен шарт жасасқан.

Инсталляцияның ауданы 200 шаршы метрді құрайды. Жобаны іске асыру құны 15 404 000 теңгеге бағаланған.
Әкімдік қазіргі уақытта биыл 20 қазанға дейін аяқталуы тиіс деп жоспарланған жұмыстар жүргізіліп жатқанын хабарлаған.
Абаттандыру бойынша жүргізілген жұмысты жергілікті тұрғындардың бірі фотоға түсірген екен.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған
Алайда дәл осы кезеңде Қазақстанның басқа өңірлерінде киіз үйлер әлдеқайда төмен бағамен сатып алынып жатыр
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі