Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Пышақпен мойнын тіліп тастаған: Атырауда ер адам КамАЗ-дың астына секіріп кетті (видео)

Атырауда өмірден баз кешкен азамат жүк көлігінің астына секіріп кетті. Оқиға бүгін түскі уақытта болды. Қолына пышақ ұстаған ер адам жолдың бойына шығып алған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап. 

ер адам

Тәртіп сақшылары оны ұстауға ұмтылғанмен қарулы адам қолын әрі бері сермеп, ешкімді жанына жолатпады. Сәлден соң жолдан өтіп бара жатқан жүк көлігінің астына секіріп кеткен. Абырой болғанда дін аман.

Дәрігерлер оның жамбас сүйектері сынған дейді. Сондай-ақ пышақпен мойнының бірнеше жерін тіліп тастапты. 34 жастағы тұрғынның бұрыннан психологиялық ауытқуы бар көрінеді. Қазір "Өзін өзі өлтіру" бабы бойынша тергеу жүріп жатыр.

Талқылау