Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Петропавлда төтенше жағдай жарияланды

Петропавлда төтенше жағдай жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

су таскын Караганды

Фото: ТЖД

Бұл туралы қала әкімдігі мәлімдеді. Әкімдіктің мәліметінше, 26 наурыздан бастап қала аумағында қардың еру салдарынан жеке секторларды су басқан.

“Сондай-ақ, кәріз коллекторлары мен суағарларға түсетін жүктеменің артуына байланысты, Абай көшесі бойындағы коллектор істен шыққан болатын. Кесірінен тұрғындардың қалыпты тыныс-тіршілігі бұзылып, бірнеше тұрғын үй су астында қалды.
Авариялық жағдайды жою және қоршаған ортамен тұрғындарға келтірілген шығынды минимизациялау мақсатында қала әкімінің шешімімен 2024 жылғы 4 сәуірден бастап Петропавл қаласының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы ТЖ режимі жарияланады”, – делінген ақпаратта.



Бұған дейін Петропавлда су басу қауіпі күтілетіні хабарланған болатын. Синоптиктер ауа температурасының Цельсий бойынша 13 градусқа дейін көтерілетінін айтқан.

Қазіргі уақытта Солтүстік Қазақстан облысында Тайынша ауданы Красная Поляна ауылында облыстық төтенше жағдайлар тобы адамдар мен жануарларды эвакуациялауда.

Бұған дейін Тоқаев тасқынның салдарынан баспанасынан айырылғандарға үй салып беруді тапсырғаны хабарланған

Соңғы мәліметтерге сүйенсек Қазақстанның 12 облысында су тасып, қауіп төндіріп тұр. Бұған дейін Оралда су тасқынына байланысты тұрғындарды эвакуациялау басталғаны жазылған.

Талқылау