Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оралда су тасқынына байланысты тұрғындарды эвакуациялау басталды

Оралда су тасқынына байланысты тұрғындарды эвакуациялау басталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Уральская неделя” баслымына сілтем жасап хабарлайды. 

Фото видеодан алынды

Аймақта Шаған мен Дерқұл өзендерінде су деңгейінің артуына байланысты Самал ауданында саяжайларды су басқан. Қазіргі уақытта бірнеше саяжайда тұрғындарды эвакуациялау басталды. Әкімдік мәліметіне сәйкес мұнда 1000-нан аса адам тұрады екен.

"Бүгін Оралда сағат 18:00-ден кейін Самал және Вагонник тұрғын алаптарын көшіру басталды", – делінген хабарламада.

Сонымен қатар өзен арқылы мұз кедергісіз ағып кетуі үшін аспалы көпірді бұзу туралы шешім қабылданыпты.



Су бөгетке жақындаған деп жазады жергілікті басылым.

БҚО-ға барлығы 4525 адам эвакуацияланды, оның 1771-і балалар. 1425 бас ірі қара, 2004 бас уақ мал, 33 бас жылқы қауіпсіз жерге шығарылды.

Барлығы 764 мың м3 астам еріген су сорылып, 161 мыңнан астам қап төселді.

"Шыңғырлау, Жақсыбай, Өлеңті, Бұлдырты өзендеріндегі су деңгейінің шамадан тыс артуы салдарынан 4 аудандағы 9 ауылда тұрғын үйлерді су басты. Барлығы 515 тұрғын үйді су басқан", – деп хабарлады облыстық ТЖД.

Еске салсақ, су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтарға үйлерін қалпына келтіру үшін 22 миллион теңгеден бөлінеді.

Талқылау