Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Петропавлдағы саяжай тұрғындары жанармай аралас суға шағымдануда: Сарапшылар судың құрамынан мұнай анықтады

Петропавлда экологтар саяжай ұңғымаларындағы ыстық судан мұнай өнімдерінің көп мөлшерін анықтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Сұйықтықтың жақсы жанатыны белгілі болды. Егінге де, өз қауіпсіздіктеріне де алаңдап, дабыл қаққан саяжай тұрғындары экологтардың көмегіне жүгінген.

"Ағымдағы жылдың 27 шілдесінде департаменттің сынақ зертханасының мамандары "Ромашка" бау-бақша серіктестігінің аумағында жер асты суларының үш сынамасын алды. Су сынамаларының қорытындысы бойынша мұнай өнімдерінің концентрацияларының мөлшері анықталды. 0,243 мг/дм3 – бау-бақша серіктестігінің аумағында орналасқан ұңғымадан; 1,25 мг/дм3 – бұрын ұңғымадан су жиналған ыдыстан; 2033 мг/дм3 – No5 теліміндегі 25 линия мекенжайында орналасқан құдықтан табылды", - деп хабарлады облыстық экология департаменттің баспасөз қызметі.



Ведомство бұл санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің құзырында екенін баса айтып, экологтардың жағдайды тексеру үшін бұдан әрі қандай әрекет жасайтынына жауап бере алмады. Санитарлық бөлімде әзірге бұл тақырыптың да қолға алынбай жатқаны жеткізілді.

Судағы мұнай өнімдерінің шекті рұқсат етілген мөлшері стандарттармен реттеледі және ол: ауыз су үшін - 0,1 мг / дм3; балық өсіру және шаруашылық мақсаттағы объектілер үшін - 0,05 мг/дм3 құрайды. Ал саяжайдағы судан табылған мұнай өнімдерінің мөлшері апатты түрде асып кеткен.

Сонымен қатар, мұнайда кездесетін полиароматты көмірсутектер канцероген болып табылады. Сол себепті олар суға түскен кезде қауіпті. Апаттың ауқымы судағы мұнайы бар заттың уақытына және концентрациясына байланысты. Құрамында мұнай өнімдері бар ауыз суды пайдалану өте қауіпті. Ол ішкі ағзалардың қатерлі ісігінің дамуы, ас қорыту және эндокриндік жүйелердің ауруларын, ауыз қуысы мен көмей ауруларын тудырады.

Еске салайық, "Ромашка" қалалық саяжай қоғамында кәдімгі таза судың орнына ұңғылардан бензин немесе дизель отынын еске түсіретін өткір химиялық иісі бар, түсініксіз сары майлы сұйықтық аққан болатын.

Талқылау