Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жанармай аралас су құбырларға толған": Петропавл маңындағы саяжайлардың бірінде құдықтан шыққан жанармай тұрғындарды шошытты

Петропавл төңірегіндегі Ромашка саяжай қоғамында жер астынан жанармайға ұқсас су шығып жатыр. Тұрғындар оны бірнеше күн бұрын байқаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.  

су

“Бірінші ыдысты толтырдым. Екіншісіне келгенде сарғыш сұйықтық ақты. Тап-таза солярка. Шелекке құйып, жағып едім. Жанып кетті. Біз бұл ұңғыманы бес жылдан бері пайдаланып келеміз. Бұрын соңды мұндай болмаған. Қазір жанармай араласқан су монша мен құбырлардың ішінде толы. Егер қазір бұған от тисе, бірнеше саяжай лап ете түседі. Бізден 20 метр қашықтықта тұрған жанармай станциясы да жарылады”, – деді саяжай иесі Александр Черноморец. 

Тұрғын тереңдіңгі 12 метр болатын құдықтан бұған дейін де бау-бақшасын суарып келген. Алайда суға сарғыш түсті сұйықтықтың қайдан қосылғанын білмейді. Мұндай жағдай көршілер “Ромашка” саяжайында да болған. Ал жанармай станциясының өкілі, ешқандай  сұйықтық төгілмегенін алға тартты. Тексеру жүргізуге қарсы емес екендерін жеткізді.  

“Біз резервуарларды ылғи тексеріп отырамыз. Оларға құйылатын жанармай түгел сатылып кетеді. Егер ол жер астына төгілсе, бізде дефицит пайда болар еді.  Егер құзырлы органдар тексеріс ұйымдастырса, біз оған қолдау көрсетеміз”, – дейді жанармай құю станциясы жүйесінің қондырғылары бойынша инженері Камиль Наргузин. 

Экологтар судан сараптама алды. Тексеру жұмыстарын бастаған.  

“Судың иісінен өзі жанармаймен араласқанын анық айтуға болады. Қазір зертханада судың құрамындағы мұнай өнімдері мен азот топтарының бөлшегін тексереміз. Оның қорытындысы 2-3 күннен кейін дайын болады”, – СҚО Экология департаменті зертхана бөлімінің басшысы Дамир Жұмабаев. 

Талқылау