Петропавлда екі бала мен олардың анасының өлі денелері табылды
Петропавлда екі бала олардың анасы түінге уланып көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға жаңа жылдың алғашқы күні Жұмысшылар ауылында болған. Құтқарушылар мен мен өрт сөндірушілер ашық отты анықтамапты, тұрғын үйдегі керегесіндегі түсқағаз бен жиһаздарды енді ғана күйік шалған.
"Үйдің ішінде 1991 жылғы әйел мен 2016 және 2018 жылғы балалардың денесі табылды. Бұл отбасы күйіктің түтініне уланып қалған. Жалпы өрттің ауданы 8 шаршы метрді құрады", - деп мәлімдеді Солтүстік Қазақстан облысының ТД өкілі.
Құтқарушылардың сөзінше, күйік электр сымдарының ақауынан пайда болуы мүмкін. Алдағы уақытта сарапшылар апаттың себеп-салдарын анықтайтын болады.
Талқылау

Жинағыңызды алтынмен сақтау тиімді ме – Сарапшылар бағалы металдың грамы 100 мың теңгеге жететінін болжады
Маманның сөзінше, тарихи тұрғыда қор нарығы құлдыраған кезде алтынға сұраныс артады

Қазақстандық көпбалалы ана "Асар Уме" қайырымдылық қорын апатты үй берді деп айыптады
Екінші топ оқырмандар көпбалалы ананың қанағатсыздығын сынады