Ашылғанына бір апта ғана болған қазақстандық балабақшадан коронавирус табылды
Петропавлдағы балабақшаның тәрбиеленушісінен коронавирус анықталды. Қазіргі таңда орталық 14 күндік карантинге жабылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы қалалық тауарлар мен қызметтердің сапасы және қауіпсіздігін бақылау басқармасының жетекшісі Әсет Жұматаев мәлім етті.
Ауру жұқтырған үш жастағы бала екен.
"Байланыста болған адамдар анықталды. Тығыз қарым-қатынаста 23 адам болған, 18 балабақшаға бірге барға балалар. 13 адам мекеме қызметкерлері. Аурудың жаппай таралуын алдын алу үшін бал келген күннен бастап балабақшаға 14 күнге жұмысын тоқтатты", - деді басқарма басшысы.
Сөзінше, ол індетті ересек туысынан жұқтырған.
Қазіргі таңда аймақта 68 науқас анықталыпты.
Еске салайық, еліміздің аумағында бірқатар балабақшалар 1 маусымнан бастап ашылған еді.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”