Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

1 маусымнан бастап не өзгереді: Қазақстанда карантинді әлсіретудің жаңа кезеңі

Қазақстанда карантинді әлсіретудің жаңа кезеңі басталды. Іс жүзінде барлық бизнес салалары коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешімі бойынша жұмысты қайта бастады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

блок пост

Алайда, өңірлердегі карантинге қатысты жағдай коронавирустың жаңа жағдайларының өсу қарқынына байланысты болады, мегаполистер мен өңірлердің бас санитар дәрігерлер мен жергілікті атқарушы органдарының шешімімен шектеулер енгізілуі мүмкін.

Өңірлер мен қалалар ашық, блок-бекеттер алынды
1 маусымнан бастап өңіраралық блок-бекеттері алынды. Республика бойынша 400 блок-бекет 78 күн жұмыс істеді.

Енді қазақстандықтар республиканың басқа облыстарына автомобильмен бара алады.

Бас мемлекеттік санитар дәрігерлер мен өңірлер әкімдіктерінің шешімі бойынша коронавирус таралу ошақтары бар аймақтарда жергілікті блок-бекеттер сақталуы мүмкін.

Пойыздар қайтадан жүреді
1 маусымнан бастап теміржол жолаушылар тасымалы қайта жанданады.

Іске қосу бірнеше кезеңнен тұрады. Билеттер 15 мамырдан бастап сатыла бастады.

1-кезең - 1 маусымнан бастап бүкіл Қазақстан бойынша 54 жұп пойыз қатынайды.

2 кезең - 10 маусымнан бастап 39 жұп пойыз қосылады.

3 кезең - 15 жұп пойызды іске қосу жоспарланып отыр. Олардың қатарында Ресей, Өзбекстан және Қытай бағыттары бар.

Спортпен айналысуға және СПА-ға баруға болады
Жаздың бірінші күні фитнес-орталықтар мен СПА қызметі жаңғартылады. Бассейндер әлі де жабық.

Кәсіпқойлар үшін – спорт және мәдениет нысандарының жұмысы жаңартылып жатыр. Бірақ көрермендерге әлі рұқсат жоқ.

Балабақшалар мен ғылыми орталықтар ашылды
Мектепке дейінгі балалар мекемелерінің, қосымша білім беру ұйымдарының жұмысы қайта жанданды - топта 15 адамнан аспайды.

Ғылыми-зерттеу институттары (ҒЗИ) мен ғылыми орталықтар қайтадан жұмысқа кіріседі.

Туризм өмірге қайта оралады
1 маусымнан бастап туристік маусым Қазақстанның көптеген аймақтарында басталады. Қонақ үйлер, шипажайлар, демалыс үйлері, жағажайлар жұмысына рұқсат етілді.

Туристерге ПТР-тест тапсырудың қажеті жоқ, туристік жолдамаларды сатып алған кезде балалар тегін ұшуға болады.

Қалааралық автобустарды іске қосу
5 маусымнан бастап автовокзалдар мен жолаушылар автобус тасымалдарының жұмысын қайта бастау жоспарланып отыр.

Қауіпсіздіктің жаңа ережелері:

  • маршруттың соңғы пункттерінде автобустарға дезинфекция жүргізу;
  • медициналық бетпердемен ғана жолаушылар салонына кіру;
  • жолаушылар арасындағы қашықтықты кемінде 1 метр сақтау;
  • жүргізушілерді уақытында ауыстыру шартымен қолғаппен және медициналық маскалармен қамтамасыз ету (әрбір 2 сағат сайын);
  • коронавирусқа теріс нәтиже туралы анықтама болған кезде автопарк қызметкерлерінің жұмысқа жіберілуі (екі аптада бір рет тест өтуімен).

Ресеймен, ҚХР, Өзбекстанмен, Қырғызстанмен және Моңғолиямен халықаралық бағыттар осы мемлекеттердегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына қарай жаңартылады.

Кинотеатрлар көрерменді күтеді
15 маусымнан бастап кинотеатрларға санитарлық талаптарға сай жұмыс істеуге рұқсат етілді.

Фильм көрсетілімдеріне қатысу ережелерін ведомствоаралық комиссия жариялайды.

ҰБТ және аттестаттарды тапсыру
Карантинге байланысты қазақстандық мектептерде 25 мамыр күні мерекелік линейкалар болмады, алайда 3-4 маусым күні 11 сынып үшін ашық ауада аттестаттар тапсырылады.

Ұлттық бірыңғай тестілеу Қазақстанда 20 маусым мен 5 шілде аралығында өтеді, оған 130 мыңнан астам оқушы қатысады.

Түлектер қатаң санитарлық нормаларды сақтауы тиіс:

  • аудиторияларда отырғызу әлеуметтік қашықтықты ескере отырып ұйымдастырылады;
  • қорғау маскаларын міндетті түрде алып жүру қажет;
  • аудиторияларда ауаны желдету және зарарсыздандыру жүйесі қамтамасыз етіледі;
  • ҰБТ өткізу пункттеріне кіре берісте дезинфекциялық тоннельдер мен тепловизорлар орнатылады.

Биыл түлектер ұлттық бірыңғай тестілеуді 11-ші сыныптың төртінші тоқсан бағдарламасынан сұрақтарсыз тапсырады.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр