Петропавлда айыппұл тұрағына қойылған 5 көлік өртеніп кетті
Петропавлда қураған қамыстан шыққан өрт айыппұл тұрағына ауысып, салдарынан 5 жеңіл көлікке зақым келді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Солтүстік Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт сағат 16.30 шамасында болған.
"Өртеніп жатқан аумаққа жолдың болмауы және қатты жел жағдайды қиындатқан. Қамыстан тұтатанған өрт жақын маңдағы мамандандырылған айыппұл тұрағына ауысқан. Бұл нысан Петропавл қалалық әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне қарайды. Тұрақта тұрған 5 көлік өртеніп кетті. Жалын шамамен 3 га аумақты шарпыды", - делінген хабарламада.
Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты
Дәуіт Сұраған негізі математика пәнінің мұғалімі
Жаңа вирус па: Қазақстандықтар бұрын-соңды болмаған ауру белгілеріне шағымданды
Маман: "Ауру белгілеріне қарап нақты қандай вирус жұққанын анықтау мүмкін емес"