Петропавлда ауладағы итті қатыгездікпен өлтірген ер адам рақымшылықпен жазадан құтылып кетті

Петропавлда аула итін қатыгездікпен өлтірген 47 жастағы ер адам қылмыстық жауапкершіліктен босатылды. Сот оған рақымшылық туралы заңды қолданып, істі тоқтатты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Іс материалдарына сәйкес, 15 маусымда ер адам Барсик атты итті асүй пышағымен мойын, жауырын және кеуде тұсына пышақ сұққан. Соның салдарынан жануар жан төзгісіз ауырсыну мен азап шегіп, ақырында өлген. Сот сотталушының қылмыс жасаған сәтте алкогольдік масаң күйде болғанын және бұзақылық ниетпен қасақана әрекет еткенін анықтады.
Бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаменті ер адамның бұған дейін ұрлық жасағаны үшін сотталғанын хабарлаған болатын.
Сот отырысы барысында сотталушы өз кінәсін мойындап, жасаған ісіне өкінетінін айтты. Ол өзіне рақымшылық жасау туралы актіні қолдануды және қылмыстық істі тоқтатуды сұрады. Мемлекеттік айыптаушы мен қорғаушы қарсылық білдірген жоқ. Сотта бұл қылмыстың гуманизм актісі қолданылмайтын құқық бұзушылықтар қатарына жатпайтыны атап өтті. Рақымшылық туралы "Сот кабинеті" базасындағы қаулыдан белгілі болды.
"Осыған байланысты сот азаматқа қатысты қылмыстық істі тоқтатып, оны қылмыстық жауапкершіліктен босату қажет деп санайды. Жоғарыда айтылғандарды, сондай-ақ процесске қатысушылардың пікірін ескере отырып, сот рақымшылық туралы заңның қабылдануына байланысты оны осы жағдайда қолдануға негіз бар деп тапты", – делінген құжатта.
Қазақстандық әйел липосакция жасатамын деп өлім аузынан қалды: Оған отаны мейіргер жасаған
Оқыңыз