Перзентхана медбикесі жаңа туған сәбиді ұрлап, өз баласы ретінде көрсетпек болған
35 жастағы медбике өзі жұмыс істейтін перзентханадан жаңа туған сәбиді ұрлап, оны өз баласы ретінде көрсетпек болған. Ол жүктімін деп алдаған жігітін осылай сендірмек болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі People басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Оқиға 6 шілдеде Бразилияда болған. Ауриселия де Соуза Роша есімді қызметкердің бұл күні ауысымы болмаған. Сонда да медициналық киімін киіп, жұмыс орнына келген. Кейін ол босанған әйелдің әпкесіне келіп, өзін медбике ретінде таныстырған. Сосын баланы тексеруге алып кететінін айтқан. Роша нәрестені алып палаталардың біріне кіріп кеткен.
Ал бірнеше минуттан кейін әйел палатадан баласыз, бірақ иығына үлкен қара сөмке асынып шыққан.
"Баланы оған беріп қойған болсам да, көңілімде бір күдік пайда болды", – деді кейін сәбидің әпкесі.
Ол аурухана қызметкерінің соңынан еріп, әйел киім ауыстыру үшін дәретханаға кірген кезде сөмкесіне қараған. Оның ішінен өзінің кішкентай жиенін тапқан. Сәби дереу анасына қайтарылды.
Тергеу барысында Рошаның үйін тінту кезінде толық жабдықталған балалар бөлмесі, бесік және жөргек ауыстыратын үстел табылған. Әйелдің жігіті оның жүкті екеніне кәміл сенгенін және екеуі бірге баланың дүниеге келуіне дайындалғанын айтқан. Алайда тергеу Рошаның шын мәнінде жүкті болмағанын анықтады.
Медбикенің адвокаттары күдіктіден шизофрения белгілері байқалғанын мәлімдеді. Алайда жүргізілген сараптама бұл болжамды растамаған. Қазір Роша қамауда отыр.
Қазақстандық сызылған пауэрбанкіне байланысты ұшаққа отыру кезінде қиындыққа тап болды
