Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Перуашевтің асхана мен дәретханасы ортақ жатақхана салу туралы ұсынысын Үкімет құптамай қойды

ҚР Инвестициялар және даму министрлігі мәжіліс депутаты Азат Перуашевтің асханасы мен дәретханасы ортақ жатақхана салып, оған ауылдан келген жастарды орналастыру туралы ұсынысын қабыл алмады. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

20170420110637

“Ол жатақханада көп адам тұратындықтан біраз қолайсыздық туындайды. Дәретхана, ас үй, жуынатын бөлме бәріне ортақ болса, онда санитарлық жағдай төмендеп, жиі айқай-шу болып, ыңғайсыз болады”, – деді вице-министр Роман Скляр.

Дегенмен министр мұндай жобалар ҚР БҒМ қолдауымен елорда студенттеріне арнап ұйымдастырылып келе жатқанын мәлімдеді. Ал “Нұрлы жол” бағдарламасында жатақхана салу бойынша жеке бағыт қарастырылмапты.

Айта кетейік, Азат Перуашев осыдан бірнеше күн бұрын ауылдан келген жастарға арнап дәретханасы мен асүйі ортақ жатақханалар салу туралы ұсыныс айтқан. Тиісінше ол ұсынысы қоғам тарапынан қызу талқы мен қарсылыққа ұшыраған еді.

Оқи отырыңыз:

Алматы облысында ер адам 8 жастағы қызды зорлап оны таспен ұрған

Шетелдікпен некелескен Қазақстан азаматтарына жер беруге тыйым салынады

Әкімбай қария Астанадағы қарттар үйіне келінімен сыйыспай келгенін айтты

Алматы облысында қару кезенген ұрының өзіне тап берген сатушы қызға ноутбук сыйлады

Талқылау