Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Пелоси мінген АҚШ-тың ұшағы Тайваньға қонды – Қытай наразылық білдіруде

Малайзиядан ұшып келген АҚШ өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелоси мінген америкалық Boeing C-40C ұшағы Тайбэй қаласына қонды. Қытай наразылық білдіруде, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Пелоси ресми Бейжіңнің наразылығына қарамастан Тайваньға ұшып келді. Қытай қазір Тайваньға айтарлықтай әскер жинап, кек қайтарамыз деп қорқытуда.

Пелоси мен оның делегация мүшелері бар АҚШ әуе күштерінің арнайы рейсі Мәскеу уақытымен шамамен 17:44-те Тайбэйдегі Соншан әуе базасына қонды. Онда оларды жергілікті билік өкілдері қарсы алды.

Қытай Сыртқы істер министрлігі Пелосидің Тайваньға сапарына байланысты АҚШ-қа қатаң наразылық білдірді. ҚХР пікірінше, бұл тәуелсіздікке ұмтылған сепаратистік күштерге "қате сигнал" жібереді. Сонымен қатар Қытай принципін және американдықтармен бірлескен ережелерін бұзады.

"Тайваньға сапар АҚШ-тың Тайвань демократиясын қолдайтынының дәлелі. АҚШ-тың Тайвань халқымен ынтымақтастығы бүгінде бұрынғыдан да маңызды. Бұл сапар АҚШ-тың Қытайға қатысты саясатына қайшы келмейді. АҚШ Тайваньды өзгертуге бағытталған біржақты әрекеттерге қарсы", - деп түсіндірді Пелоси.

Сонымен қатар, Өкілдер палатасының спикері Тайвань билігімен аралды қолдау және аймақтағы ортақ мүдделерді ілгерілету мәселелерін талқылауға уәде берді.

Қытай тарапынан Америкалық шенеуніктің бұл сапары Бейжің мен Вашингтон арасындағы қарым-қатынастың саяси негізіне елеулі түрде әсер еткені, Қытайдың егемендігі мен аумақтық тұтастығын бұзғаны, Тайвань бұғазындағы бейбітшілік пен тұрақтылыққа нұқсан келтіргені және сепаратистерге дұрыс емес сигнал бергені деп атап өтілді. 



Қытай Қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы Тан Кефей бұған дейін палата спикерінің аралға сапары "Бір Қытай" қағидасын бұзып, әскери қарым-қатынастарға нұқсан келтіріп, жағдайды ушықтырады деп мәлімдеді. Оның айтуынша, Қытай армиясы бұған қол қусырып  қарап отырмайды және сыртқы араласуды тоқтату үшін міндетті түрде барлық шараларды қабылдайды.

Тайвань мәселесі қытай-американ қарым-қатынасындағы негізгі және ең сезімтал мәселе екені баса айтылады. Бірақ Тайвань билігі мен Америка Құрама Штаттары тұрақты қатынас статусын өзгертіп отырады.

"Америкалық тарап Тайваньды ҚХР-ды тежеу ​​үшін пайдалануға тырысуда,. Олар Тайваньмен ресми байланыстарды нығайтып, оның сепаратистік әрекеттерін қолдау арқылы “Бір Қытай” принципінің мәнін үздіксіз бұрмалауда. Бұл отпен ойнайтын өте қауіпті ойын. Отпен ойнайтындар өздерін өртеп жібереді", - делінген құжатта.

Бейжің Вашингтонды "Бір Қытай" қағидатын ұстануға, өз міндеттемелерін орындауға және қауіпті жолдан ары жылжуға шақырды.

Бұл сапар АҚШ Конгресі Өкілдер палатасы спикерінің 1997 жылдан бері Тайваньға жасаған алғашқы сапары болды. Ақ үй олардың "Бір Қытай" саясатын ұстанатындарын атап өтті, бірақ бұл сапар туралы шешімді Пелоси өзі қабылдаған.

Қытай Тайваньды өзінің провинциясы санайды және оның өкілдері мен Бейжің дипломатиялық қарым-қатынас орнатқан елдердің арасындағы кез келген байланысқа қарсы.

Кремль Пелосидің сапарын аймақтағы шиеленісті күшейтетін арандатушылық деп атады. Ресей Президенттің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мұны әлемнің барлық елдері жазып жатқанын айтып, Ресейдің Қытаймен ынтымақтастығын жеткізді. 

Вашингтон мен Бейжің қарым-қатынасындағы Тайвань мәселесі Украинадағы жағдай аясында ерекше мәнге ие болды. ҚХР тарихи және саяси себептерге байланысты ешқандай ұқсастықтардың орынды еместігін атап өтіп, ішкі істерге араласпауды талап етуде. Алайда АҚШ ресми түрде "Бір Қытай” принципін сақтай отырып, Тайбэймен дипломатиялық қарым-қатынасы жоқ, аралмен байланысын сақтап қана қоймай, оны үнемі қару-жарақпен қамтамасыз етпек.

Талқылау