Павлодар тұрғындары үйінде жалғыз қалған сәбиді алып кетті
Павлодар полицейлері бір жарым айлық баласын қараусыз қалдырып кеткен әйелді жазаламақ. Бұл туралы ішкі істер департаменті баспасөз қызметі хабарлады.

Фото: Dimitar Dilkoff
Полицияға хабарласқан көпқабатты үй тұрғындарының бірі көрші пәтерде баланың жылап жатқанын айтыпты. Үйге келген тәртіп сақшылары сәбидің онда жалғыз екенін біледі. Баланы дереу облыстық балалар ауруханасына алып келген.
Кейін 32 жастағы әйелдің баласын қараусыз қалдырып, өз жұмыстарымен кетіп қалғаны анықталды. Әйелдің әрекетіне қатысты әкімшілік іс қозғалып отыр. Сондай-ақ, ол ата-ана құқығынан айырылуы да мүмкін.
Оқи отырыңыз:
Қазақпын деп жылаған қыз анасының сынағынан сүрінбей өтті (видео)
Алматыда баласын көлігінің жүксалғышына салып тасыған жүргізуші жазаланды
Баланы бұрышқа тұрғызу тәрбие ме, әлде психологиялық зорлық па
Тәрбиеші: Баланың әрқайсысының мінезі әртүрлі болғандықтан, олардың арасындағы жанжал мен төбелестің алдын алу оңай емес
Әйелімнен таяқ жедім деген қазақстандық ер адам әділдік іздеп жүр
Ержанның айтуынша, қызы есейген соң анасының жағына шығып, екеуі бірге өзіне қол көтеретін болған