Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Биыл елімізде қандай мамандықтарға грант саны көп беріледі?

2017-2018 оқу жылына арналған мемлекеттік білім гранттарының саны көбейді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».

????????????????????????????????????

«2017-2018 оқу жылынан бастап, соңғы 5 жыл ішінде алғаш рет жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемі өсті. Атап айтқанда, 2017-2018 оқу жылына бакалавриатқа – 37932 грант бөлінді, бұл өткен жылғы мемлекеттік тапсырыс көлемімен салыстырғанда 6 мыңға көп.  Магистратураға – 10004 орын бөлінді, өткен жылға қарағанда бұл көрсеткіш 2,5 мыңнан астам орынға көбейген. Ал PhD докторантураға – 1285 орын бөлінді, бұл өткен жылғы орын санынан екі есеге көбірек», – деп жауап берді ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.

«2017-2018 оқу жылына арналған мамандықтар бөлінісінде жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын бөлу туралы» ҚР Білім және ғылым министрлігінің бұйрығы шілде айының екінші бөлігінде жарияланады.

“Мемлекеттік білім беру тапсырысын бөлуде педагогикалық, техникалық және әлеуметтік, қызмет көрсету салаларының мамандықтарына басымдық беріледі”, – деп мәлімдейді министрлік.

Тағы да оқыңыз:

Олжас Сүлейменовтің қызы жартылай жалаңаш киінгені үшін елдің сынынан қалды (фото)

Құмалақшы әже автомат ойынын ойнап өз қасиетін сынап көрді (видео)

Сыған әйелдер жас жігіттің “көзін байлап” қымбат заттарын ұрлады (видео)

Талқылау