Қазақстандық әйел тамақ ішемін деп клиникалық өлімді бастан кешірді
Фото: instagram.com/densaulyq_pavlodar
Павлодарда жедел жәрдем қызметкерлері жүрегі үш минут бойы соқпай қалған зейнеткер әйелді қайта тірілтіп, аман алып қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 25 қаңтар күні жедел жәрдем қызметіне қарттарға арналған пансионат тұрғынының түскі ас кезінде тамаққа қақалып қалғаны туралы ақпарат түскен.
Жедел жәрдем бригадасы 3 минут ішінде оқиға орнына жеткен. Сол сәтте әйел клиникалық өлім жағдайында болған.
“Медицина қызметкерлері дереу науқастың тыныс алу жолдарын босатып, реанимациялық іс-шараларды бастады. Әйелдің өмірі қалпына келтірілгеннен кейін, ол жасанды өкпені желдету аппаратына қосылып, Павлодар қалалық №1 ауруханасына жеткізілді”, – делінген хабарламада.
Облыстық сақтау басқармасы науқастың 27 қаңтар күні жансақтау бөлімінен жалпы палатаға ауыстырылып, дәрігерлердің бақылауында екенін атап өтті.
Еске салсақ, бұған дейін қарағандылық студент ұшақта жолаушының өмірін құтқарып қалғаны туралы жазған едік.
Қазақстанда жақынынан айырылған қызметкерлер бір реттік төлем ала алады
Мектеп қызметкерлеріне 86 мың теңгеден астам көмек қарастырылған
"Жігітім үшін жер қазуға бардым": Қазақстандықтар желіде махаббат үшін жасаған ессіз әрекеттерін бөлісіп жұртты күлдірді
Бойжеткен: "Жігітті үйіне шығарып саламын деп иті артымнан қуды"