Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда 9-қабаттан құлап кеткен бала ауруханада жан тапсырды

Павлодарда тоғызыншы қабаттың терезесінен дүкеннің қалқасына құлап кеткен бір жасар қыз ауруханада мерт болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Әкесі бір және төрт жасар балаларымен бірге көпқабаттың үйдің терезесінен секіріп кетті

Қайғылы оқиға 15 мамырда болған. Ауыр жарақаттармен бала облыстық балалар ауруханасына жеткізілген. 

Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі 2021 жылдың 5 қаңтарында дүниеге келген қыз бала кататравма (биіктіктен құлау кезінде алатын жарақат – авт.), ауыр бас-ми жарақаты, бас миының шайқалуы, ми затының ісінуі диагнозымен емдеу мекемесіне түскен. Одан бөлек, бүлдіршінге 3-дәрежелі кома, өкпенің, бүйректің травматикалық шок алуы, бауырдың жыртылуы, 3-дәрежелі травматикалық шок, DIC (қан ұюының бұзылуы), ауыр анемия диагноздары қойылған.

Зардап шеккен сәбидің жағдайы өте ауыр, ол жасанды тыныс алу аппаратында, жүрек қызметін қалпына келтіру үшін инотропты қолдаумен жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін Павлодарда бір жарым жастағы сәбидің 9-қабаттан құлап кеткені туралы хабарлаған едік. 

Талқылау