Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда тергеуші мен жедел уәкіл бала зорлауға қатысты істі жауып жібермек болған

Павлодарда қалалық полиция басқармасының тергеушісі мен жедел уәкіліне қатысты сот процесі аяқталды. Полицейлерге кәмелетке толмаған балаға қатысты жыныстық зорлық-зомбылық ісінің айғақтарын бұрмаламақ болған деген айып тағылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Polisia.kz

Соттың баспасөз қызметінен хабарланғандай, тергеуші И кәмелетке толмаған жәбірленуші мен оның заңды өкілінің хаттамалардағы айғақтарын бұрмалап, дәлелдерді жасырмақ болған. Сонымен қатар ол қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты қылмыстық істі тоқтату мақсатында жауап алған күнді өтірік жазған.

Оған қоса сот кәмелетке толмаған жәбірленушіден қосымша жауап алу хаттамасындағы адвокат пен мұғалімнің қойған қолдары жалған екенін анықтады.

Жедел өкіл С өз кезегінде осы қылмысты жасау үшін барлық қажет жағдайды жасаған. Атап айтқанда, кәмелетке толмаған жәбірленушінің заңды өкілін бұрмаланған айғақтармен қосымша жауап алу хаттамасына қол қоюға, сондай-ақ басқа адамдарды жауап алудан бас тарту туралы арыз жазуға көндірген. Cалдарынан тергеуші қылмыстық құқық бұзушылықтың болмауына байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тоқтату туралы заңсыз процессуалдық шешім қабылдады.


Бірге тұруға келісім берді: Павлодарда 51 жастағы ер адам кәмелетке толмаған қызды зорлаған


Сотталушылардың кінәсі кәмелетке толмаған жәбірленуші мен оның заңды өкілінің айғақтарымен, куәгерлермен, құжат және заттай дәлелдемелермен, сараптамалық қорытындылармен дәлелденді.

Жеңілдететін мән-жайларды ескере отырып, әр сотталушыға шартты түрде 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Осы кезеңде оларға пробациялық бақылау жүргізіледі. Екеуі де арнайы офицерлік шенінен айырылды. Сонымен қатар екеуі де 5 жыл мерзімге құқық қорғау органдарында қызмет атқару құқығынан айырылды.

Еске салсақ, Алматыда экс-тергеушінің туыстары кофехананы рейдерлік жолмен тартып алған.

Талқылау