Павлодар облысында Совхозная және Декабристов көшелерінің атауы өзгереді
Павлодарда облыстық мәслихат депутаттары 17 көшенің атауын өзгертуді мақұлады. 2021 жылы сәуірде 30-ға жуық көшенің атауын өзгерту мәселесі бойынша қоғамдық тыңдау өткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл кезде әкімдік өкілдері 2019-2021 жылдары көше атауларын ауыстыруға қатысты бірнеше өтініш келіп түкенін мәлімдеген. Бірнеше күннен соң атауы өзгертілетін көшелер саны 23-ке дейін азайған.
Ал республикалық ономатика комиссиясы 17 көшенің жаңа атауын бекітті. Алайда атау өзгертуге қатысты мораторий мен қаңтар оқиғасына қатысты бұл процесс кейінге қалдырылған.
8 тамызда облыстық мәслихат сессиясында көше атауын ауыстыру сұрағы көтерілді. Нәтижесінде депутаттар 17 көшенің атауын өзгертуді қолдады:
– Мира көшесін Олжабай батыр деп өзгерту;
– Урицкий көшесін Генерал Смағұлов деп өзгерту;
– 1-Южная көшесін Бірлік деп өзгерту;
– 2-Южная көшесін Кәукен Кенжетаев деп өзгерту;
– Парковая көшесін Мұқағали Мақатаев деп өзгерту;
– Донецкая көшесін Мағжан Жұмабаев деп өзгерту;
– Кубанская көшесін Қалмұқан Исабай деп өзгерту;
– Совхозная көшесін Рафиқа Нұртазина деп өзгерту;
– Таганрогская көшесін Қазанғап би деп өзгерту;
– Ангарская көшесін Нағымбек Нұрмұхаммедов деп өзгерту;
– Читинская көшесін Аманжол Шәмкенов деп өзгерту;
– Декабристов көшесін Қамар Қасымов деп өзгерту;
– Юннатов көшесін Дихан Әбілев деп өзгерту;
– 1-Советов, 2-Советов көшелерін Генерал Бәкіров деп өзгерту;
– Зыряновская көшесін Қабдыкәрім Ыдырысов деп өзгерту;
– Саянская көшесін Алма Әжібаева деп өзгерту;
– Лесная көшесін Ағайынды Дүйсембиновтер деп өзгерту.