AAPL
140.52 $
0.11 %
TSLA
658.8 $
4.88 %
NDAQ
147.5 $
0.59 %
GOOGL
2116.1 $
-0.16 %
FRHC
40.13 $
0.96 %
AAPL
140.52 $
0.11 %
TSLA
658.8 $
4.88 %
NDAQ
147.5 $
0.59 %
GOOGL
2116.1 $
-0.16 %
FRHC
40.13 $
0.96 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда балаларды жеңіліп қалғаны үшін ұрған хоккей жаттықтырушысы жазаға тартылды

Павлодарда шәкіртін ұрды деп айыпталған Ertis хоккей клубының балалар жаттықтырушысы Вячеслав Писеговке айыппұл салынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

хоккей

Павлодар қаласының әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған соты ер адамды кәмелетке толмаған балаға қасақана жеңіл зиян келтіргені үшін кінәлі деп тапты.

"Ағымдағы жылдың 11 наурызында Ақтөбе мұз сарайының киім ауыстыратын бөлмесінде жаттықтырушы 12 жастағы баланы ұрып, қасақана жеңіл дене жарақатын салғаны анықталды. Алайда ол кінәсін мойындамай, балалармен тек дөрекі түрде сөйлескенін түсіндіргісі келді", – делінген соттың мәлімдемесінде.

Ведомство сондай-ақ құқық бұзушылық фактісі сот-медициналық сараптаманың қорытындысымен, әкімшілік хаттамамен және куәгерлердің айғақтарымен дәлелденгенін атап өтті.



Сот жаттықтырушыны ӘҚБтК-нің 73-1-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танып, оған 45 945 теңге айыппұл түрінде әкімшілік жаза тағайындады. Әзірге соттың құжаты әлі заңды күшіне енген жоқ.

Писегов сот

Ал Писегов болса, өзіне жала жабылғанын айтып, қамқорында болған балалардың ата-аналарын жала жапқаны үшін жауапқа тартпақ ниетте.

Бұған дейін жас хоккейшілер ата-аналарымен бірге тәлімгеріне қолдау білдіріп, Instagram желісінде видеоға түсіріп, жариялаған болатын.

Еске салайық, спорт мұғаліміне қатысты әкімшілік іс павлодарлық Гүлсім Аяпбергенованың полицияға арызынан кейін қозғалған болатын. Гүлмира Аяпберген Ertis хоккей клубының жаттықтырушысы 11 жастағы ұлын ұрып тастағанын айтқан. Сөзінше, балалар Ақтөбеде өткен матчта жеңіліп қалған. Әйел полицияға арыз жазған.

"Алматылық командамен ойыннан кейін жаттықтырушы жеңіліс үшін киім ауыстыратын бөлмеде алғашқы бес ойыншыны ұрған. Арасында менің ұлым бар. Жаттықтырушы жұдырықпен ішінен ұрып, бірнеше рет бұғана тұсынан тепкен", – деп жазды Гүлмира Аяпбергенова Instagram желісінде.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр