Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жиені жыныстық алымсақтық жасады деп айыптаған: Танымал ақын жанжалға қатысты пікір білдірді

Продюсер Ақниет Ияр әлеуметтік желіде өзіне туысқан әпкесінің күйеуі жыныстық алымсақтық жасады деп мәлімдеді. Белгілі болғандай, жиені айыптаған адам тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевқа поэма арнаған ақын Ауыт Мұқибек болып шыққан. Жанжалға қатысты жазушының өзі де пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ақниеттің айтуынша, бұл жағымсыз оқиға кезінде үйде әпкесінің бес жасар қызы мен ағасы ғана болған.

Әпкесі дүкенге кеткен. Әйелінің жоқтығын пайдаланған ер адам күтпеген жерден Ақниетті құшақтап, кейде араларында болып тұратын ұрыс-керіс үшін кешірім сұрай бастаған.

Ақниет реніші жоқ екенін айтқан. Осы кезде ер адам қыздың ернінен сүйе бастаған.

Сондай-ақ бойжеткен өз жазбасында "сүйіс арасындағы үзілісте" ақын өзінің жұма күні алған мемлекеттік наградасын – "Құрмет" орденін көрсеткенін атап өтті.

“Он шақты рет сүйді. Тістеніп алдым. “Аузыңды аш, тіліңді сезінгім келеді” деді, “жоқ, қойсаңызшы” дедім. Алайда бұл оған аз көрініп, мені шешіндірмек болды”, – дейді ол.

Қыз құрбысымен кездесуім бар деген желеумен қашып құтылған.

"Ер адам агрессивті болады, әсіресе бәріне айтып беретініңді біліп қойса. Бәрі жақсы деген кейіп таныту адам төзгісіз болды. Мені оның қызы құтқарып қалды, өзіне шақырып алды. Осы уақыт ішінде күртешемді киіп үлгердім де, құрбыма бірдеңе беріп жіберуім керек деп шығып кеттім”, – дейді бойжеткен. 



Ақниет болған жағдайды отбасына айтып берген.

"Көшеде айқайлап жыладым, қолым әлі де дірілдейді, жалғыз, қауіпсіздікте екенімді түсінсем де, дүрбелең басталады”, – деп жазды қыз қазіргі хәлі туралы. Сондай-ақ ол полицияға арыз жазуға ниетті екенін айтты.

"Мен арыз жазамын, бәрін дәлелдеуге және оны жазасыз қалдырмауға мүмкіндік бар", – деп қосты бойжеткен.

Ияр денсаулық жағдайы нашарлағанын, қазір психолог іздеп жүргенін, ұйқысыздыққа шалдыққанын айтты. 

Қазір ол қонақүйде тұрып, жұмыс іздеп жатыр. 

Ақниет туыс ағасының бұрын мемлекеттік қызметте болғанын айтты. Сондай-ақ бұл қылығынан қатты көңілі қалғанын жеткізді.

“Бұған дейін ерекше назар аудармайтын, тек әдемі екенімді ғана айтатын. Меніңше, жыныстық алымсақтық туралы бөлек заң керек. Тек әрекеттің өзіне ғана қатысты емес, соған тырысу туралы да. Әділ заң керек”, – деді Ақниет Экспресс К басылымына берген пікірінде.

Кейінірек қыз туысының атын да атады. Бұл жазушы, ақын, қоғам қайраткері Ауыт Мұқибек болып шыққан.  

Келеңсіз жағдайға қалған ақынның өзі оқиғаға қатысты пікірін білдірді. Мұқибек бұл ретте жиенінің өзіне тағылған айыптардың барлығын үзілді-кесілді жоққа шығарды.

“Ол бізбен бір ай тұрды. Оның айтқанының бәрі өтірік. Мен оның әкесімен құрдаспын. Оған қатты ұрысқан едім, соған маған ренжісе керек. Қатты ұрыстым, сол үшін кешірім сұрауға дайынмын. Мүмкін, ол қатты ренжіген шығар”, – деді Ауыт Мұқибек.

Ол сондай-ақ қызының ата-анасы оған әлі де ұрысып жатқанын айтты. Және олардың өзін аса құрметтейтінін атап өтті.

“Мүмкін, мұны еркелікпен жасаған шығар. Мен бұған ешқашан бармаймын. Менің де қызым бар”, – деді ол.

Айта кетейік, ақын Ауыт Мұқибек 2015 жылы Нұрсұлтан Назарбаевқа 2015 жылы қыркүйекте БҰҰ Бас Ассамблеясында сөйлеген сөзіне арналған "Сен қазақша сөйледің" өлеңін жолдап, есте қалған.

 

Талқылау