Павлодарда алаяққа алданған 10-нан астам адам баспанасыз қалды
Павлодарда 10-нан астам адамды баспанасыз қалдырған алаяқ ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Астана телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: freepik.com
Ол көбіне мүмкіндігі шектеулі жандарды алдап келген. Тұрғындардың пәтерін сатып ақшасын қалтасына басқан. Ол өзінің жымысқа әрекетін 3 жыл бойы жүзеге асырып келіпті. Қазір полиция алаяқтық жасады деген күдіктіге қылмыстық іс қозғады.
“Қазіргі уақытта ірі көлемдегі алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Полицияда 10-нан астам эпизод тіркелген. Күдікті қамауға алынды”, – деді облыстық ПД бастығының орынбасары Асхат Әбетжанов.
Еске салсақ, бұған дейін Алматыда ер адамның такси жүргізушілерін алдаудың жаңа жолын ойлап тапқаны туралы жазған едік.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар