Алматыда ер адам такси жүргізушілерін алдаудың жаңа жолын ойлап тапқан
Алматыда ер адам бірнеше такси жүргізушісін алдап кеткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: polisia.kz
27 жастағы ер адам қаланың төрт тұрғынын алдап кеткен. Келтірілген шығын көлемі 10 мыңнан 15 мың теңгеге дейін өзгеріп отырған.
"Тергеу барысында күдіктінің такси шақырып, жолда жүргізушінің сеніміне кіріп, біраз уақытқа белгілі бір соманы қарызға беруін өтініп, "жұмысқа" оралған соң қайтаруға уәде берген. Кейбір такси жүргізушілері еш ойланбастан белгісіз біреуге көмектескен. Бізге төрт адам шағымданды. Күдікті қамауға алынды", – деді Медеу аудандық полиция бөлімінің бастығы Әбдінұр Тасыбаев.
Ер адам бұған дейін де бірнеше ұрлық жасағаны үшін сотталғаны анықталды.
Еске салсақ, бұған дейін Алматыда жол ақысын төлемеу үшін такси жүргізушісін аяусыз өлтірген жасөспірімдердің сотталғаны туралы жазған едік.
"Мінбердегі тартыс 7 сағатқа созылды": Нұрлан Оразалин Егемендік декларациясының қалай қабылданғанын айтып берді
Нұрлан Оразалин Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің XII шақырылымының депутаты болған әрі осы тарихи құжатты әзірлеуге тікелей қатысқан
Республика күні мен Тәуелсіздік күні неге екі бөлек атап өтіледі
Саясаттанушы: "Көп жыл бойы "Неліктен 25 қазанның маңызын екінші орынға ысырып қоямыз?" деген мәселе көтерілді"